
Сидней, Канберра, Мельбурн, 2024 жылғы 28 қазан - 1 қараша – Қазақстан Республикасының Аустралиядағы Елшісі Асқар Құттықадам (қоса атқарушы, Сингапурда резиденциясы) Аустралияға жұмыс сапарымен барды.
Аустралияның ең ірі мегаполисі және экономикалық орталығы Сидней қаласында еліміздің аумағында ауқымды жобаларды іске асыратын ірі компаниялардың өкілдерімен кездесулер өтті. Атап айтқанда, «GK Hyperscale» бас директоры Майкл Дикерсонмен (гипер масштабталатын жасыл деректер орталығын салу жобасы), Азия-Тынық мұхиты өңірі және Орталық Азия бойынша «Fortescue» басқарушы директоры Анджела Уокермен (Қазақстан металлургия саласында жасыл технологияларды енгізу), «Sarytogan Graphite» басқарушы директоры Шон Грегори (Қарағанды облысындағы графит кен орнын игеру), «C29 Metals» басқарма мүшесі Джейми Майерспен (Жамбыл облысында «Ұлытау» уран кен орнын игеру) кездесулер өтті. Сонымен қатар А. Құттықадам Астана мен Канберра арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарын талқылау үшін атақты аустралиялық саясаткер және кәсіпкер Уоррик Смитпен кездесу өткізді.
Бағдарламаның соңында Елші «Халықаралық тау-кен және ресурстық конференция-көрмеге» (IMARC 2024) қатысты. Бұл іс-шара – Жасыл континенттегі ең ірі салалық форум. Конференция барысында Аустралияның «AUSTMINE» тау-кен өнеркәсібі қауымдастығының халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі директоры Роберт Тшебскиймен, Аустралиялық сауда-инвестициялық комиссиясының (AUSTRADE) Жасыл экономика және ауыл шаруашылығы жөніндегі директоры Сюзан Каватимен кездесулер өтті.
Халықаралық және өңірлік саясат, екіжақты саяси және экономикалық кооперация, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері қазақ дипломатының Аустралияның федералды астанасы Канберра қаласындағы Аустралия Сыртқы істер және сауда департаментінің жоғары лауазымды өкілдерімен кездесулері барысында басты назарда болды. Мемлекеттік хатшының орынбасары (Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия) Мишель Чанмен, Даму, көпжақты ынтымақтастық, Еуропа бойынша Мемлекеттік хатшының орынбасары Натали Коэнмен, сондай-ақ Мемлекеттік хатшының көмекшісі, Оңтүстік және Орталық Азия басқармасының басшысы Люсиен Мантонмен мазмұнды келіссөздер өтті.
Сапар бағдарламасына сәйкес Елші Аустралияның екінші ірі қаласы әрі негізгі экономикалық, мәдени және білім беру орталығы – Мельбурнға да барды. Бұл қалада Қазақстанның Мельбурндағы және Виктория штатындағы Құрметті консулы Эндрю Фернихофпен, «Future Fund» аустралиялық егеменді әл-ауқат қорының корпоративтік мәселелер департаментінің басшысы Уилл Хезертонмен, «Orica» компаниясының (тау-кен және инфрақұрылымдық жобаларға арналған шешімдердің жетекші әлемдік жеткізушілерінің бірі) бас директоры Санжив Гандимен және «Pharmachal Health Group» фармацевтикалық компаниясының директоры Эндрю Менделавицпен кездесулер өтті.
Жалпы, ҚР Елшісінің жұмыс сапары аустралиялық ведомстволар мен іскерлік топтардың өкілдерімен «сағат теңестіруге», жаңа әріптестік мүмкіндіктерді анықтауға және проблемалық мәселелерді шешу жолдарын келісуге, екіжақты байланыстар мен алдағы кезеңге арналған іс-шаралар жоспарларын белгілеуге мүмкіндік берді.