Вашингтон, 2024 жылғы 25 қазан – Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (CSIS) америкалық сарапшы Кэти Суоминеннің Қазақстанның цифрлық трансформациясы мен цифрлық мемлекеттік инфрақұрылымды енгізуге арналған тәуелсіз баяндамасының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев және «Visa» компаниясының өңірлік президенті Эндрю Торре қатысты.
Баяндама Қазақстанның төлемдер мен қызметтерді цифрландырудағы жетістіктерін баяндап, цифрлық технологияларға стратегиялық инвестициялардың қаржылық инклюзияның өсуіне және бәсекеге қабілетті цифрлық экономиканы құруға қалай ықпал еткенін атап көрсетеді. Құжатта 2024 жылы Қазақстанда онлайн-банкингті пайдаланушылар саны 100%-ға жетіп, цифрлық транзакциялардың үлесі 89%-ға дейін ұлғайғаны атап өтілген.
Т. Сүлейменов осындай жетістіктерге ықпал еткен жағдайлар туралы егжей-тегжейлі айтып, цифрлық төлемдерді жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Е. Ашықбаев, өз кезегінде, Қазақстанның цифрлық трансформациясы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.
Баяндама цифрландыруға ұмтылатын басқа елдер үшін ұсынымдар береді және қаржылық инклюзия мен экономикалық өсуге ықпал ететін тиімді цифрлық инфрақұрылымды құрудағы Қазақстанның тәжірибесімен бөліседі.
Тұсаукесер сұрақ-жауап сессиясымен жалғасып, оның барысында сарапшылар дамушы елдердің экономикалары үшін цифрландырудың маңыздылығы және мұндай «үлгілі жетістіктерді» басқа өңірлерде қалай бейімделуі мүмкін екендігі туралы пікір алмасты.