Швейцария 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

Швейцария 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

Санкт-Мориц, 2024 жылғы 29 тамыз – Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов алдағы уақытта Қазақстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын швейцариялық спортшы Андри Маруггпен кездесті. Швейцариялық атлет «Жамбы ату» сайысында, соның ішінде атпен шауып келе жатып нысанаға садақ атуды қамтитын «мажар стилінде» бақ сынайтын болады.

Жарысқа дайындық аясында Қазақстан Елшісі швейцариялық спортшының ойындарға қатысуының маңыздылығын және бұл спорттық шараның халықтар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін атап өтті.

Өз кезегінде А. Маругг Қазақстан тарапына шақыру мен ойындарды ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, көшпенділер мәдениетінің бай мұрасы мен дәстүрлеріне деген шынайы қызығушылығын жеткізді.

Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі, ЮНЕСКО және Түркі мемлекеттері ұйымы 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада ұйымдастыратын Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары «Ұлы дала дүбірі» ұранымен өтеді және этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған. Елорданың басты спорт ареналарында ат жарысы, күрес, зияткерлік ойындар, жекпе-жек өнерлері, садақ ату және құсбегілік сияқты 21 спорт түрінен жарыстар өтеді.