Қазақ фильмдері ХХ «Алтын минбар» Қазан халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына енді

Қазақ фильмдері ХХ «Алтын минбар» Қазан халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына енді

Қазан, 2024 жылғы 14 тамыз – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы және Татарстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен қазақстандық кинематографистердің 2024 жылдың 6-11 қыркүйегі аралығында өтетін ХХ «Алтын минбар» Қазан халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысуына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына Қазан қаласындағы ҚР Бас консулы Ерлан Ысқақов, «Алтын минбар» Қазан халықаралық кинофестивалінің атқарушы директоры, Татарстан Республикасының «Татар кино» мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесінің директоры Миляуша Айтуганова және ТР Мәдениет министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Виктория Даутова қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Қазан халықаралық кинофестивалінің тәрбиелік, эстетикалық және рухани байлығын атап өтіп, мәдениеттің дамуына оң үлес қосатынын, сондай-ақ бітімгершілік, діни төзімділік және гуманизм идеяларын насихаттайтын жалпы адамзатқа ортақ адамгершілік құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді көрсетеді деп тұжырымдады. Бұл ретте Қазақстан мен Татарстан тек сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттарда ғана емес, мәдени-гуманитарлық салада да табысты ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады. Биылғы жылы Қазақстанның туристік әлеуетін ашатын фотокөрме, ауқымды концерттік-көрмелік бағдарламаны қамтитын Абай облысының Татарстандағы Мәдениет күндерін ұйымдастыру, сондай-ақ Татарстан делегациясының 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуы жоспарланған.

Қазақстан – Қазан кинофестивалінің жыл сайынғы қатысушысы. Кинофестивальдің іріктеу комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша конкурстық бағдарлама құрылып, оған 27 елден 51 фильм таңдап алынды, оның ішінде қазақстандық туындылар да бар.

Сонымен қатар кинофестиваль аясында Қазақ киносының күндері өтеді. Атап айтқанда, қазақ режиссері Талғат Теменовтың «Смуглянка/QaraQyz» және режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Лиза Такэба болып табылатын бірлескен қазақ-жапон туындысы «Конокрады. Дороги времени» атты көркем фильмдерін көрсету көзделген.

«Алтын минбар» халықаралық кинофестивалі Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі және Татарстан Республикасы Раисінің Әкімшілігі қолдау көрсеткен, сондай-ақ «Ресей – Ислам әлемі» стратегиялық көзқарас тобының серіктестігімен қолдау көрсетілген киножобалар тізіміне енді.