Марокко екі ел арасындағы құқықтық саладағы келісімдерге қол қоюға ниетті

Марокко екі ел арасындағы құқықтық саладағы келісімдерге қол қоюға ниетті

Рабат, 2024 жылғы 19 сәуір – Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокконың Әділет министрі Абдулатиф Уахбимен кездесті.

Кездесу барысында А. Уахби Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы құқықтық және әділет салаларындағы бірнеше келісімдер жасасуға қызығушылығын білдірді, сондай-ақ екі елдің делегацияларының өзара сапарлармен алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Елшісі елдегі саяси реформалар мен заң саласындағы өзгерістер туралы айтып берді.