Көліктік-логистикалық ынтымақтастық – Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өзара әрекеттесуді дамытудың негізі

Көліктік-логистикалық ынтымақтастық – Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өзара әрекеттесуді дамытудың негізі

Исламабад, 2024 жылғы 4 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары Әли Шер Мехсудпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар көлік-логистика саласындағы, оның ішінде «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін ескере отырып, Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін Пәкістанның Карачи және Гвадар теңіз порттарына түпкілікті шығу үшін өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Сауда-экономикалық, инвестициялық және т.б. салалардағы ынтымақтастықты нығайту үшін өңірлік өзара байланысты дамытудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Елшісі ү.ж. мамыр айында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Көлік министрлерінің 11-ші кеңесіне және ШЫҰ мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Көлік министрлерінің 1-ші отырысына шақыру хатын табыстады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан-Пәкістан Көлік және өңірлік өзара байланыс жөніндегі арнайы жұмыс тобының кезекті отырысына дайындық шеңберінде сараптамалық кездесулер өткізуді қоса алғанда, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған шараларды практикалық іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.