Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Варшава, 2024 жылғы 12 наурыз – Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Қирабаев Польшаның Ұлттық білім вице-министрі Иоанна Мухамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Польша ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары, соның ішінде мектептегі білім беру және мектепке дейінгі білім беру саласында мәселелер талқыланды.

Сұхбаттасқа елімізде жүргізіліп жатқан ағымдағы әлеуметтік-экономикалық реформалар және мемлекеттік қолдау шеңберінде білім беру сапасын арттыруға және мұғалімдердің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар туралы ақпарат берілді.

Өз тарапынан Польша Ұлттық білім вице-министрі Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі әріптесі ретінде қарастыратынын және елімізбен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

Тараптар білім беру саласындағы екіжақты үкіметаралық келісім шеңберінде ынтымақтастықты ұлғайтуға, сондай-ақ Қазақстан мен Польшаның бейінді министрліктері арасындағы ынтымақтастықтың өзара тиімді ұсыныстарын әзірлеуге уағдаласты.