Білім беруді ілгерілету: Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісінің америкалық жетекші университеттерінің өкілдерімен кездесуі

Білім беруді ілгерілету: Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісінің америкалық жетекші университеттерінің өкілдерімен кездесуі

Вашингтон, 2024 жылғы 19 ақпан – Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев University of Minnesota, New York University, University of Oregon, Drake University, Columbia University, Ohio State University және Catalina Global Services өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Е. Ашықбаев америкалық университеттерінің басшылығын Қазақстандағы жетекші шетелдік оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарлары, ҚР Үкіметі білім беру саласында жүргізіп жатқан ағымдағы реформалар, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басымдықтары туралы хабардар етті.

Америкалық жоғары оқу орындарының өкілдері STEM мамандықтарына ерекше назар аудара отырып, «Болашақ» бағдарламасы, студенттік және академиялық ұтқырлық аясында қазақстандық тараппен ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытты.