Ыстанбұлда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Ыстанбұлда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Ыстанбұл, 2024 жылғы 1 ақпан – Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы тарапынан Ыстанбұл губернаторының орынбасарлары Өзлем Бозкурт Геврек және Хасан Гөзенмен, сондай-ақ полиция департаментінің басшысы Зафер Акташпен екіжақты кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуды жан-жақты талқылады.

Ыстанбұл губернаторының орынбасарлары Өзлем Бозкурт Геврек және Хасан Гөзен Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарының қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтіп, бауырлас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына қолдау көрсететіндіктерін білдірді.

Кездесулер қорытындысы бойынша ынтымақтастықты нығайту мақсатында болашақта жаңа бірлескен бастамаларды қарастыруға қатысты уағдаластыққа қол жеткізілді.