Қазақ әртістері ЮНЕСКО-да ТҮРКСОЙ-дың 30 жылдығына орай өткен концертте өнер көрсетті

Қазақ әртістері ЮНЕСКО-да ТҮРКСОЙ-дың 30 жылдығына орай өткен концертте өнер көрсетті

Париж, 2023 жылғы 15 желтоқсан – ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) 30 жылдығына орай «Біз біргеміз» атты гала-концерті өтті. Мерейтойлық іс-шараны өткізуге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдіктері бірлесе өткізді.

Іс-шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Султан Раев ұйым отыз жыл бойы тамыры ортақ, тілдері мен мәдениеті етене жақын халықтар арасындағы «рухани алтын көпір» миссиясын жүйелі негізде орындап келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Энтони Охаменг-Боама ұйымдастырушыларға осы тамаша кешті өткізу бастамасы үшін алғысын білдіріп, ТҮРКСОЙ-дың түркі тілдес халықтардың әлемдік өркениетке қосқан елеулі үлесін дәріптеудегі рөлін атап өтті.

ЮНЕСКО-ның бас залында өткен концерт түркі халықтарының музыкалық шығармалары мен дәстүрлерінің, әртістердің қимылдарының тамаша үйлесімділігімен және өзара қолдауымен көрерменді тәнті етті.

Кеш бағдарламасына «Қара жорға» сияқты халық билері және Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауыны» және Латиф Хамидидің «Бұлбұлы» секілді түркі елдерінің танымал сазгерлерінің тамаша туындылары енді.

Қазақ әртістері, атап өткенде Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті Зарина Алтынбаева, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және «Қазына» би тобы, ортақ күш-жігерге өздерінің бірегей үлесін қосты.

Жеті елдің музыканттарымен бірлесе олар Париж жұртшылығы мен жерлестеріне шынайы өнер мен достықтың тамаша кешін сыйлап, соңында лайықты қошеметке ие болды.