Ереван, 2023 жылғы 12 желтоқсан – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев М. Гераци атындағы Ереван мемлекеттік медицина университетінде (ЕММУ) болып, осы оқу орнының әскери-медициналық факультетінде оқитын қазақстандық курсанттардың оқу жағдайларымен танысты. Университет басшылығымен әңгімелесу барысында армян тарапы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен егжей-тегжейлі таныстырылды. Астана Ереванмен жан-жақты қарым-қатынасты тереңдетуге, оның ішінде Арменияның жетекші университетінің базасында әскери-медициналық салада қазақстандық кадрларды даярлауға маңызды мән беретіні атап өтілді.
ЕММУ ректоры Армен Мурадян қазіргі уақытта 30 елден 2 мыңнан астам шетелдік студенттер оқитын университет қызметі туралы айтты. А. Мурадянның айтуынша, университетте оқитын қазақстандық әскери қызметшілер жоғары үлгерім мен дене шынықтыру дайындығын көрсетуде. Кездесу барысында ғылыми-академиялық салада екіжақты өзара іс-қимылды дамыту және осы салада тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Оқу шарттарымен және үдерісімен танысқаннан кейін қазақстандық курсанттармен әңгімелесу өтті. Қазақстан Республикасының алдағы Тәуелсіздік күніне орай құттықтауда ел Үкіметі ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде сапалы әскери-медициналық білім берудің кадрлық құрамын даярлауға және дамытуға ерекше назар аударып отырғаны атап өтілді.