
Мадрид, 2023 жылғы 22 қараша – Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі Испанияның Әлеуметтік құқықтар министрлігімен бірлесіп, балалардың құқықтарын қорғау және халықаралық бала асырап алу жөніндегі өңірлік әлеуметтік қызметтердің, сондай-ақ болу елінің Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен онлайн конференция ұйымдастырды.
Кездесу барысында Испания азаматтары асырап алған қазақстандық балалардың құқықтарын сақтауға бағытталған халықаралық бала асырап алу жөніндегі талаптарды орындау қажеттілігі туралы талқыланды.
Испан тарапына асырап алынған балалардың өмір сүру жағдайлары, оқуы, тәрбиесі және денсаулықтары туралы есептерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ өзекті статистика туралы ақпарат егжей-тегжейлі хабарланды.
Тараптар Испания аумағында қазақстандық балалардың құқығын қамтамасыз ету және оларды қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды нығайту және осындай іс-шараларды жыл сайын өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.