
Вена, 2023 жылғы 13 қазан – Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Ашита Митталмен кездесті.
Өңірлік өкіл Қазақстан Үкіметіне БҰҰ ЕҚБ Орталық Азия өңіріндегі қызметін, соның ішінде ерікті жарналар бөлу арқылы тұрақты қолдап жүргені үшін алғысын білдірді.
Қазақстандық дипломат өз кезегінде Өңірлік өкілге Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестірушілік орталығының тиімді жұмысын ілгерілетуін қоса алғанда, ҚР бастамаларын белсенді қолдап жүргені үшін алғысын білдірді.
Кездесу барысында тараптар құқық қорғау органдарын реформалау, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл сияқты салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен басымдықтарын, сондай-ақ жаңа жобалар мен бірлескен іс-шаралар жоспарларын талқылады.