Сианьде Қазақстан аймақтары мен Шэньси провинциясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Сианьде Қазақстан аймақтары мен Шэньси провинциясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Сиянь, 2023 жылғы 2 тамыз – Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Шэньси провинциясының мемлекеттік активтерді қадағалау және басқару жөніндегі комитетінің Партия хатшысы Жэнь Гомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан аймақтары мен Шэньси провинциясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ осы провинцияның қаржы институттары тарапынан жекелеген жобаларды қаржыландыруға қатысу мүмкіндігін талқылады.

Бас консул ҚР Үкіметінің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралары және шетелдік инвесторларды қолдаудың жаңа құралдары, екі елдің іскер топтары арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастарды дамыту перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік, мұнай-газ, химия, тау-кен өнеркәсібіндегі, оған қоса энергетика, ауыл шаруашылығы және туризмді дамыту салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар Шэньси провинциясы парткомының хатшысы Чжао Идэнің ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын жан-жақты талқылады.

Өз тарапынан визави осы бағыттағы жұмысты жедел бастауға және талқыланған мәселелерді іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кездесуде көтерілген барлық мәселелер шеңберінде тығыз жұмыс байланыстарын өзара жалғастыруға келісті.