Амман, 2023 жылғы 1 тамыз – Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Туматов Иорданияның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясының төрағасы Халед Туканмен кездесті. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимит Корольдігі арасындағы атом энергетикасы саласындағы, оның ішінде уран өндіру және өңдеу мәселелері бойынша ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Иордания тарапы Корольдіктегі уран кен орындарын игеруде Қазақстанның «Қазатомпром» ұлттық компаниясымен ынтымақтастық орнатуға, осы салада бірлескен зерттеулер жүргізуге, тәжірибе және білім алмасуға жоғары қызығушылық танытты.
Кездесу соңында А. Туматов Х. Туканға 2023 жылғы 3-6 қазан аралығында Астанада өтетін «Kazakhstan Energy Week – 2023» іс-шарасына қатысуға шақыру хат тапсырды.