
Калькутта, 2023 жылғы 20 шілде – Қазақстанның Индиядағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев «Үндістан мен Қазақстанның өсіп келе жатқан байланыстары: Батыс Бенгалияға назар аудару» тақырыбындағы Арнайы сессияға қатысты.
Батыс Бенгалия штатының Көпестер сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған іс-шараға 100-ден астам жергілікті ірі, орта және шағын бизнес, іскер топтар, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Сөз сөйлеу барысында Елші Қазақстанның саяси және экономикалық реформалары туралы айтып, қатысушыларды елімізде бизнес жүргізудің жаңа мүмкіндіктерімен, оның ішінде Қазақстан экономикасына инвестициялау перспективаларымен таныстырды. Сессия қорытындысы бойынша Қазақстанға іс-сапармен бару үшін бизнес-делегацияны қалыптастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сапар аясында Н. Жалғасбаев Батыс Бенгалияның Индустрия, сауда және кәсіпкерлік департаментінің директоры Вандана Ядавпен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында тараптар өзара сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасып, оның одан әрі дамытудың ықтимал жолдарын талқылады.
Анықтама: Батыс Бенгалия – Үндістанның шығысындағы штат, жалпы ішкі өнім 21,5 млрд АҚШ долл. құрайтын елдің үшінші ірі экономикасы. 2018 жылғы 21 қыркүйектен бастап штатта Қазақстанның Құрметті консулының кеңсесі жұмыс істейді.