
София, 2023 жылғы 27 маусым – Қазақстан елордасының 25 жылдығына орай Софияның туристік орталығы – «Ғашықтар көпірінде» Астанаға арналған тақырыптық фотокөрменің ресми ашылуы өтті. Іс-шараға қала әкімдігі, жергілікті зиялы қауым өкілдері, қазақ диапорасы, болгар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев өз сөзінде Астана Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан және толеранттылыққа, бейбітшілікке және интеграцияға шақырушы дүниежүзілік диалог алаңына айналған мемлекетіміздің басты символдарымыздың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ қазақстандық дипломат елорданың дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдеріне қысқаша тоқталып, Астана бүкіл әлемде шынайы қызығушылық тудыратын өзгерістер, инновациялар мен жаһандық бастамалардың орталығы болып табылатын болашақ қаланы бейнелейтінін атап өтті.
Айта кетейік, «Ғашықтар көпірі» 2018 жылғы 28 желтоқсанда ресми ашылуы өткен Астана көшесіне жақын жерде орналасқан.
Елорданың мерейтойына орай Софияның ең танымал жерінде домбыра әуендері шырқалып, іс-шара қонақтары сәулет пен табиғи ландшафттың барлық сұлулығын мен алуан түрлілігін көрсететін Астананың және Қазақстанның фотосуреттерін тамашалай алды.
Фотосуреттермен толығырақ келесі сілтеме немесе QR-код арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/media/details/36010?lang=kk