Сиань қаласының басшылығымен Қазақстанмен өңіраралық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды

Сиань қаласының басшылығымен Қазақстанмен өңіраралық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды

Сиань, 2023 жылғы 18 сәуір – Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Шэньси провинциясы Халық үкіметі төрағасының орынбасары, Сиань қаласы мэрының міндетін атқарушы Е Нюпинмен кездесті.

Е Нюпин ҚР Бас консулын тағайындаумен құттықтап, оның қызметі екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Өз кезегінде Ж. Қыраубаев осы бағытта жинақталған тәжірибесі мен өзінің барлық күш-жігерін екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамыту үшін жұмсауға ниетті екенін мәлімдеді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көліктік салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыру мен туризмді дамыту мәселелеріне баса көңіл бөлінді. Ү.ж. 21 сәуірінен бастап Қазақстанның елордасы Астана мен Қытайдың тарихи астанасы Сиань арасында тікелей әуе қатынасын ашу туралы тараптардың шешімі өз уақытына сай екендігі ризашылықпен атап өтілді.

Сондай-ақ, ҚР Бас консулы Сиань қаласы мен Қазақстан өңірлері арасында тығыз және өзара тиімді байланыс орнату бойынша белсенді жұмысты ілгерілету қажеттілігіне тоқталды.

Өз тарапынан Е Нюпин талқыға шығарылған мәселелерді іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықты үдемелі дамыту мақсатында ҚР Бас консулдығы мен Сиань қаласының Халық үкіметі арасында тұрақты жұмыс байланыстарына қолдау білдіруге келісті.