БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Сеул, 2023 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Жаһандық жасыл өсу институты Ассамблеясының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті.

Пан Ги Мун Жаһандық жасыл өсу институтын белсенді қолдағаны үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдіріп, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге үміт білдірді. Елші Пан Ги Мунды саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі жетістіктерімен таныстырды. Атап айтқанда, Пан Ги Мунға Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, 2022 жылдың қорытындысына сәйкес тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша рекордтық көрсеткіштер атап өтілді. Сондай-ақ, Пан Ги Мун Қазақстанға деген ерекше жылы көзқарасын атап өтіп, елде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын жеткізді.