Преторияда Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Преторияда Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Претория, 2023 жылғы 18 сәуір – Қазақстан Елшісі Еркін Ахинжанов Оңтүстік Африка Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Кандит Машего-Дламинимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында саяси, экономикалық және өзге де салалардағы Қазақстан-Оңтүстік Африка ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды. Дипломаттар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы әріптестік қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында нақты бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.