Қазақстанға су ресурстарын басқару бойынша әлемдік көшбасшы кіруде

Қазақстанға су ресурстарын басқару бойынша әлемдік көшбасшы кіруде

Доха, 2023 жылғы 11 сәуір – Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев «Metito Qatar Overseas» компаниясының бас директоры Хельми Гандурмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның су ресурстары саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Айта кету керек, 2022 жылдың маусым айынан бастап «Metito Qatar Overseas» компаниясы Маңғыстау облысындағы «Caspiy» тұщыту зауытына жабдықтарды жеткізуде.

Қазіргі таңда компания Қазақстанның бірнеше қалаларында, соның ішінде Астана, Петропавл, Тараз және Қонаев қалаларында кәріздік тазарту қондырғыларын жаңарту бойынша жобаларды белсенді зерделеуде. 2022 жылдың қазан айында Қатар Мемлекеті Әмірінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында «Metito Qatar Overseas» компаниясы Жамбыл облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, компания Маңғыстау облысында ірі тұщыту зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда.

Анықтама: «Metito» конгломераты – су ресурстарын басқару үшін толық интеллектуалды шешімдерді ұсынудағы әлемдік көшбасшы. Компания еншісінде әлемнің 50 елінде су ресурстарын басқару және кәріздік тазарту қондырғылары саласында 3000-нан астам жобалары бар.