
Братислава, 2023 жылғы 13 сәуір – Словакия мен Қазақстан арасындағы сауда байланыстары қауымдастығының ашылуы, іскерлік конференция, іскерлік ынтымақтастық веб-порталын іске қосу және словак қауымдастығының «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен өзара іс-қимылы туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Ашылу салтанатында Сауда байланыстары қауымдастығының президенті, ғылым докторы Петер Олеяр жаңа құрылымның экономика, сауда және инвестиция, білім, туризм және мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін дамыту, сондай-ақ экономикалық реформалар саласында тәжірибе алмасу мақсатында құрылғанын атап өтті.
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Төлежан Барлыбаев іскерлік конференцияға қатысушыларды Қазақстандағы ауқымды реформалар және ҚР Үкіметінің кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы хабардар етті. ҚР мен Словакия арасындағы сыртқы сауда айналымының өсімі аталып өтті, ол словак тарапының мәліметі бойынша 2022 жылы екі есе өсіп, 166,5 млн АҚШ долларын құрады. Дипломат іскерлік конференцияға қатысушыларды 2023 жылғы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары Жандос Темірғали бейнеконференцбайланыс арқылы сөз сөйлеп, словак кәсіпкерлерге инвестициялық және сауда ынтымақтастығы мүмкіндіктерін таныстырды. Қазақстанның 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталғаны айтылды. Бұл ретте Қазақстан экономикасына жалпы шетелдік инвестиция ағынының көлемі 400 миллиард АҚШ долларынан асты.
«Kazakh Invest» компаниясы мен словак Сауда байланыстары қауымдастығының басшылығы арасында іскерлік ынтымақтастықты дамытуға, өзара инвестицияларды арттыруға және кәсіпкерлер арасында тікелей байланыс орнатуға жәрдемдесуге арналған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар іскерлік конференцияда Сауда байланыстары қауымдастығының www.slovkaz.com словак веб-порталы іске қосылды. Интернет-ресурсты құрудың мақсаты – екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері, ҚР экономикасының басым секторларына инвестиция тарту, салалық жобалар, екі ел нарықтарының қажеттіліктері, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және т.б. шаралар туралы ақпаратты тұрақты негізде жариялау.