Қазақстан АЭХА-да егеменді теңдікке қол жеткізу үшін мемлекеттердің күш-жігерін біріктірмек

Қазақстан АЭХА-да егеменді теңдікке қол жеткізу үшін мемлекеттердің күш-жігерін біріктірмек

Женева, 2023 жылғы 5-7 сәуір – Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінде (АЭХА) егеменді теңдікке қол жеткізу жөніндегі бастамасы шеңберінде Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Әлібек Бақаев АЭХА-ның Женевада аккредиттелген және Агенттіктің ешқандай өңірлік топтарына кірмейтін 13 мүше-мемлекеттің дипломатиялық миссия басшыларымен (Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Бахрейн, Барбадос, Бруней Даруссалам, Гайана, Самоа, Тринидад және Тобаго, Ямайка, Сент-Люсия, Сент-Китс және Невис, Сент Винсент және Гренадиндер, Фиджи) кездесулер өткізді.

Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат женевалық әріптестерін АЭХА Басқарушылар кеңесі және Бас конференция бюросының құрамына кандидатурасын ұсынуға мүмкіндік беретін АЭХА өңірлік топтарының мүшелігіне аталған мемлекеттерді енгізу шаралары туралы хабардар етті. Сонымен қатар Агенттіктің алдағы Бас конференцияның 67-ші сессиясына қарар енгізу жоспарларымен бөлісіп, құжаттың тең авторы болуға шақырды.

Өз кезегінде аталған дипломатиялық миссиялардың басшылары қазақстандық бастаманың уақытылы мәнін атап өтіп, осы мәселені шешу бойынша бірлескен күш-жігерді үйлестіруге дайын екендігін білдірді.