Қазақстан мен Малайзия логистика және көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Қазақстан мен Малайзия логистика және көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Куала-Лумпур, 2023 жылғы 7 сәуір – Қазақстан Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзияның Көлік министрі Энтони Локимен кездесіп, халықаралық жеткізілімдер нарығы конъюнктурасының өзгеруі кезеңінде еларалық логистиканы дамыту мәселелері бойынша сындарлы сұхбат өткізді.

Б. Сүгірбаев сұхбаттастың назарын Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан Қазақстанның геосаяси орналасуына аударды, ал Малайзия үшін ол ірі өңірлік логистикалық және көліктік хабқа айналу мүмкін екенін айтты.

Қазақстандық дипломат Алматы және Куала-Лумпур қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашу логистика, инвестициялар, сауда, туризм, білім беру және іскерлік байланыстарды жолға қоюды қоса алғанда, нарықты жандандыруға жағымды әсер ететінін ерекше атап өтті.

Э. Локидің айтуынша, Малайзия өзінің теңіз порттарын мақтан тұтады және Шығыс пен Батыс арасын байланыстыруда шешуші рөл атқарады. Ол Қазақстанның еуразиялық логистикалық және көлік тізбегінде маңызды рөл атқаратынына сенімді және осы бағыттың дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында Министр Елшіні 2023 жылдың 23-27 мамырында өтетін Лангкави Халықаралық теңіз және аэроғарыш көрмесіне қатысуға шақырды.