Сауд Арабиясының ірі конгломераты Астана халықаралық форумына шақырылды

Сауд Арабиясының ірі конгломераты Астана халықаралық форумына шақырылды

Эр-Рияд, 2023 жылғы 6 сәуір – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын «Ajlan & Bros. Holding» холдингі төрағасының орынбасары шейх Мұхаммед әл-Аджланмен кездесті.

Кездесу барысында Б. Арын сұхбаттасына ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылығы атынан 2023 жылғы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақыруды табыс етіп, іс-шараның күн тәртібі мен бағдарламасымен таныстырды.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде холдингтің Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларына қатысуы мәселелерін талқылады.

Анықтама: «Ajlan & Bros. Holding» холдингі Таяу Шығыстағы ең ірі конгломераттардың бірі болып саналады және холдингтің 15 елдегі 75-тен астам еншілес компанияларында 15000-нан астам адам жұмыс істейді. «Saudi Vision-2030» стратегиясына сәйкес компания өз қызметін өңірлік және жаһандық деңгейде айтарлықтай әртараптандыруға басымдық беріп отыр.