Еуродепутат Қазақстандағы саяси реформаларға қолдау білдірді

Еуродепутат Қазақстандағы саяси реформаларға қолдау білдірді

Брюссель, 2023 жылғы 30 наурыз – Еуродепутат, Еуропалық парламенттің сыртқы істер және конституциялық мәселелер жөніндегі комитеттерінің мүшесі Влодзимеж Чимошевич Қазақстанның саяси жүйесіндегі жалғасып жатқан өзгерістерді жоғары бағалады.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұханмен кездесуде еуропарламентарийді жақында Қазақстанда өткен Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындылары, биліктің заң шығарушы тармағы органдарын қалыптастырудың және парламенттік көпшілік фракциясы үкімет басшысын ұсынудың жаңа тәртібі туралы хабардар етті.

Еуродепутат еліміздегі ауқымды конституциялық реформаны әрі Қазақстанның саяси жүйесінің толыққанды плюрализм және демократиялық қоғам мен мемлекеттің негізгі институттарының тепе-теңдігі бағытындағы үдемелі өзгеруін атап өтті.

Сонымен қатар, М. Баймұхан сұхбаттасын Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы дипломатиялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуы, еліміздің маңызды сыртқы саяси бастамалары және алдағы Астана халықаралық форумының күн тәртібінен хабардар етті.

Анықтама: В. Чимошевич Еуропалық парламентте «Социалистер мен демократтардың прогрессивті альянсы» фракциясына кіреді, саяси қызметінің барысында Польша үкіметін, парламентін, сыртқы істер және әділет министрліктерін басқарған.