Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы сыртқы саяси бастамалары Солтүстік Калифорния Азия қоғамының конференциясында талқыланды

Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы сыртқы саяси бастамалары Солтүстік Калифорния Азия қоғамының  конференциясында талқыланды

Сан-Франциско, 2023 жылғы 22 наурыз – Қазақстанның Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы Жапония, Украина, Грузия Бас консулдарының қатысуымен Халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін Солтүстік Калифорния Азия қоғамы ұйымдастырған конференцияға қатысты. Талқылау барысында дипломаттар өз елдеріндегі халықаралық
қауіпсіздік пен бейбітшілік саласындағы өз көзқарастары мен тәжірибелерімен бөлісті. Қазақстанның Сан-Франциско қаласындағы бас консулы Азамат Әбдірайымов қатысушыларды Қазақстанның ядролық қарусыздану жөніндегі жаһандық күш-жігерге қосқан үлесі туралы хабардар етті.

Талқылау барысында қазақстандық бас дипломат халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту үшін ядролық қарусыздану жөніндегі жаһандық күш-жігердің маңыздылығын да атап өтті. Ол Қазақстанның осы мақсатқа қол жеткізудегі тәжірибесімен және үлесімен бөлісе отырып, осы мақсатқа жету үшін елдер арасындағы тығыз ынтымақтастық пен диалогтың қажеттігін атап өтті. Конференция жұмысына АҚШ Мемлекеттік департаментінің, бизнестің, ғылыми және академиялық топтардың өкілдері қатысты. Солтүстік Калифорния Азия Қоғамы жұмысының негізгі бағыты – Халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік саласындағы диалог пен ынтымақтастықты ілгерілету үшін Америка Құрама Штаттары мен Азия-Тынық мұхиты арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыру.