Румыния Президенті Әкімшілігінде Қазақстанмен ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды

Румыния Президенті Әкімшілігінде Қазақстанмен ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды

Бухарест, 2023 жылғы 15 наурыз – Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов пен Румыния Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ион Опришордың кездесуі өтіп, оның барысында барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты іс-қимылдар талқыланды.

Жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру, сауда-экономикалық байланыстардың әлеуетін ашу, транзит-көліктік ынтымақтастығын дамытуға белсенді жәрдемдесу, сондай-ақ авиация саласында тәжірибе алмасу және кадрларды даярлау басты талқылау тақырыбы болды. Н. Рүстемов біздің елдеріміз арасындағы ашық және өзара тиімді достық қарым-қатынастар жыл сайын әртараптанатын тауар айналымының ұлғаюына әкелгенін атап өтті.

Өз тарапынан И. Опришор әріптестік деңгейін арттыруға мүдделі болып, Орталық Азиядағы Румынияның маңызды серіктесі Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуда ынтымақтастыққа дайын екенін көрсетті.