Сеулде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Сеулде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Сеул, 2022 жылғы 22 желтоқсан – Қазақстанның Елшілігінде Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға зерттеу орталықтарының басшылары, жетекші сарапшылар, академиялық топтар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі Бақыт Дүйсенбаев өз сөзінде екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың 30 жылындағы негізгі жетістіктер туралы айтып берді. Сондай-ақ, екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылатын екі халық арасындағы мәдениеттердің терең тарихи байланыстары мен жақындығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Б. Дүйсенбаев 2022 жылдың 11 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 5,8 млрд АҚШ долларын құрағанын айтты. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына инвестиция құйған мемлекеттердің тізімінде 8-ші орынға ие болғанына ерекше назар аударды. Мәселен, соңғы 17 жылда Кореядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны шамамен 7,5 млрд АҚШ долларды құрады.

Іс-шара қонақтары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің динамикасына жоғары баға берді және қазақ-корей ынтымақтастығының жаңа бағыттарын ұсынды.