Грекияда қазақстандық Сиверс алмасы мәңгі етілді

Грекияда қазақстандық Сиверс алмасы мәңгі етілді

Афина, 2022 жылғы 25 қараша – Афина мегаполисінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Ахарне қаласында Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуының 30-жылдық мерейтойы құрметіне ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.

Қоладан құйылған ерекше мүсінді ескерткіш ежелгі дәуірден Грекияда бейбітшілік пен гүлденудің белгісі болып саналатын зәйтүн бұтағымен жиектелген шығу жері Қазақстанды бейнелейтін алма пішінінде жасалған.

Қазақстанның Грекиядағы Елшілігінің бастамасына Ахарне қаласының мэрі Спиридон Вреттос қолдау көрсетті. Жергілікті қалалық кеңес депутаттарының бірауыздан қабылданған шешімімен ескерткішке орталық алаңда қалалық әкімдік ғимаратына тура қарама-қарсы жерде орын бөлінді.

Грекия астанасының орталығынан 11 шақырым жерде орналасқан және Афина астаналық аймағына кіретін Ахарне қаласында тарихи отанына оралған 30 мыңнан астам қазақстандық гректер өмір сүреді.

Өзінің сөзінде Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев ескерткіш «халық дипломатиясының» үлгісі және Қазақстан мен Грекия арасындағы үздіксіз мәдени байланыстың жарқын мысалы екенін атап өтті.

Жоба Қазақстанның тумалары, қазір Грекия азаматтары, әкесі мен баласы Иоаннис пен Константин Петридистер негізін салған «DKG Development» компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылды.