Меню
Баспасөз орталығы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын, сондай-ақ инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Мекенжай Қазақстан Республикасы 010000, Нұр-Сұлтан қ., Д.Қонаев көшесі, 31
Кеңсе +7 (7172) 72-05-17, 72-01-14, 72-05-13, 72-05-16 (ф.)
Кезекші дипломат +7 (7172) 72-01-11
Баспасөз қызметі +7 (7172) 72-06-33, 72-01-33
Кеңсе e-mail nursultan@mfa.kz
Баспасөз қызметі e-mail press@mfa.kz
Кезекші дипломат e-mail kezekshi@mfa.kz



1
Страницы
Құжаттар
Министрлік туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Комитеттер
Екіжақты ынтымақтастық
Байланыс ақпарат
Консулдық туралы

«Орталық Азия - Қытай» саяси диалогы іске қосылды

«Орталық Азия - Қытай» саяси диалогы іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 16 шілде - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия - Қытай» жоғары деңгейдегі бірінші отырысына қатысты. Бейнеконференцияға сондай-ақ Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты.

Іс-шара барысында министрлер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қатысушылар Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы достық, тату көршілік және өзара тиімділік негізінде көпжоспарлы ынтымақтастықты жандандыру ортақ мүдделерге жауап беретінін, өңірдегі экономикалық өсу мен қауіпсіздіктің маңызды факторы болып табылатынын атап өтті.

Пандемиямен күресте тығыз өзара іс-қимыл жасау, оның теріс салдарын жою және өңір елдерінің экономикасын қалпына келтіру мәселелеріне бірінші кезекте назар аударылды. Қазақстан көрсетілген гуманитарлық көмек пен пандемиямен күресте жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді.

Отырысқа қатысушылардың пікірінше, COVID-19 кең таралуының алдын алу бойынша мәжбүрлі шаралар ішкі аймақтық мобильдіктің және сыртқы экономикалық қызметтің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Тараптар аймақтық экономикалық интеграцияны ілгерілетуде, сауданы жандандыруда және өзара инвестицияларды ынталандыруда күш-жігерді біріктіруді қолдады.

Шекараларда санитарлық-карантиндік шаралардың қолданылуы жағдайында жүк тасымалы мен тауарлардың транзиті ерекше маңызға ие болды. Қытай тарапы біздің елдеріміздің экономикаларының өзара байланысын ескере отырып, трансшекаралық жүк ағынын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азия серіктестеріне «жасыл дәліздерді» ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді. Орталық Азия мен Қытайдың сыртқы саяси ведомстволарының басшылары цифрландыру, қаржы қызметтері, электрондық коммерция, ақылды қалалар және басқа да «ноу-хау» сияқты өсу драйверлері бойынша кооперация мүмкіндіктерін талқылады. Ғылыми-қолданбалы салада, атап айтқанда, ғылымды қажетсінетін өнім шығару, сондай-ақ фармацевтикалық саладағы кооперацияны дамыту бойынша ынтымақтастықты жолға қоюға әзірлігі атап өтілді.

Сыртқы істер министрлері «Орталық Азия – Қытай» форматын бекіту туралы шешім қабылдап, тұрақты көпжақты саяси диалогты жалғастыруды қолдады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Дата публикации
16 July 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
YouTube
Telegram
Instagram
Twitter
Facebook
Меню подвал
Тұрақты даму мақсаттары
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
Виртуалды қабылдау
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Парламентінің сайты
Ашық Үкімет
Заңнама
ҚР Үкіметінің құрылымы