Астана, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Сербияның Қазақстандағы Елшісі Владимир Йовичичпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сербия басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды – атап айтқанда, ү.ж. 7 сәуірде өткен телефон арқылы сөйлесу, 8 мамырдағы Мәскеудегі кездесу және 2024 жылғы қарашадағы Қазақстан Президентінің Белградқа ресми сапарының қорытындылары.
Екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен институционализациялаудың негізгі механизмі ретінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның алдағы отырысының маңыздылығын аталып өтті (тең төрағалар – Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және Сербия Премьер-министрінің орынбасары – Ішкі істер министрі Ивица Дачич).
Қазақстан мен Сербия арасындағы тікелей әуе қатынасын орнату жөніндегі ағымдағы келіссөздер де талқыланды. 2010 жылы қолданысқа енгізілген 30 күнге дейінгі визасыз режим осы жобаны іске асыруға және екі ел азаматтарының байланысын күшейтуге, іскерлік алмасулар мен туризмді дамытуға негіз болады.
Қорғаныс және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыты ретінде аталып өтті.
Сонымен қатар Сербияның Ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичтің ү.ж. 29-30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуына аза назар аударылды. Форум экономикалық диалогты кеңейту мен бірлескен бастамалар үшін маңызды алаң ретінде қарастырылады.
Тараптар өзара құрмет, сенім және өзара тиімді ынтымақтастық негізінде қазақ-серб қатынастарын одан әрі дамытуға дайындығын растады.
Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-наурыз кезеңінде 22,9 млн АҚШ долларын (экспорт – 4,6 млн АҚШ долларын, импорт – 18,3 млн АҚШ долларын), 2024 жылы - 100 млн АҚШ долларын құрады.
Қазақстанда серб капиталымен шамамен 60 компания қызмет көрсетеді. Олар құрылыс, сауда және қызмет салаларында жұмыс атқарады.