Қазақстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдарды талқылады.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға, сондай-ақ биік және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге өзара бейілділік білдірілді.

Сонымен қатар министрлер ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.