Астана, 2025 жылғы 12 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановпен кездесті.
Сұхбат барысында БҰҰ агенттігінің басшысы 2026 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтетін орнықты даму мақсатындағы Халықаралық еріктілер жылына дайындық бойынша ҚР Үкіметінің үйлестірілген жұмысына жоғары баға берді.
Т. Курбанов қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып, орнықты даму саласындағы еріктілердің рөлі мен үлесін назарға салды.
Ол БҰҰ еріктілері, әсіресе Қазақстаннан шыққан еріктілер, алған білімдері мен дағдыларының арқасында бүкіл әлем бойынша БҰҰ жүйесінде жоғары кәсіби және сұранысқа ие қызметкерлерге айналғанын айтты.
Өз кезегінде А. Рахметуллин Қазақстан еріктілер қозғалысын дамытуға үлкен мән беретінін, ал алдағы жылды еріктілер жылы деп жариялау осының жарқын дәлелі екенін атап өтті.
Қазақ дипломаты Алматы қаласында құрылған Орталық Азия мен Ауғанстан елдеріне арналған Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталық еріктілер қозғалысын дамытудағы үздік дағдылар мен тәжірибе алмасу алаңына айналатынын, осылайша өңір елдерінің көптеген жастарын еріктілік қызметке тартатынын жеткізді.