Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның сыртқы саяси ведомстволары тығыз диалогты жалғастыруда

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның сыртқы саяси ведомстволары тығыз диалогты жалғастыруда

Астана, 2025 жылғы 29 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия-Тынық мұхиты өңірі департаментінің директоры Ерғалым Нұрсәлімұлы Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Шығыс және Орталық Азия департаментінің бас директоры Каң Ён Шинмен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, екі елдің үкіметтері, парламенттері мен бизнес қауымдастықтары арасындағы ықпалдастықтың оң қарқынын атап өтті.

Қазақ тарапы Астананың Сеулмен стратегиялық серіктестікті әрі қарай нығайтуға берік ұстанымын растап, өнеркәсіп, энергетика, пайдалы қазбаларды пайдалану, көлік және т.б. салалардағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілеріне назар аударды.

Өз кезегінде Оңтүстік Корея тарапы саяси диалогты жалғастырудың, оның ішінде биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға мүдделілік танытып, екіжақты және көпжақты іс-қимылдардың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.