Қазақстан мен Моңғолия инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Моңғолия инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Астана, 2025 жылғы 28 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолия Премьер-министрі орынбасарының инвестициялар жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сайран Қадырұлымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

М.Нұртілеу Моңғолияның Азиядағы Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі екенін және екі ел арасындағы достық рухында дамып келе жатқан тығыз қатынастардың орнағанын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика және білім беру сияқты салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша өзара күш-жігерді жалғастыруға дайындықтарын растады.