Қазақстан СІМ-де адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды

Астана, 2025 жылғы 25 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Орталық Азия елдері үшін үйлестіру функциялары бар Қазақстандағы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым миссиясының қатысуымен ұйымдастырылған «Адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбында Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Брифингке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай-ақ адам саудасына қарсы күрес саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Шетелдік дипломаттар Қазақстанда адам саудасына қарсы күресті күшейту, оның ішінде қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және алдын алу механизмдерін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстырылды. Сонымен қатар қатысушыларға «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының орындалуы туралы ақпарат берілді.