Астанада Қазақстан мен Пәкістан арасындағы серіктестіктің перспективалары талқыланды

Астанада Қазақстан мен Пәкістан арасындағы серіктестіктің перспективалары талқыланды

Астана, 2025 жылғы 23 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Пәкістан Ислам Республикасының Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Сайед Асим Мунирмен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы серіктестіктің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екі ел арасындағы сауда-инвестициялық және көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.

Атап айтқанда, екіжақты іскерлік байланыстардың әлеуетін ашуға ықпал ететін транзит-көліктік өзара іс-қимылын кеңейту мүмкіндіктері және осы бағыттағы нақты жобалар қарастырылды.

М.Нұртілеу ауыл шаруашылығы, логистика, денсаулық сақтау, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.