«Benvenuto» немесе «Қош келдіңіз»

«Benvenuto» немесе «Қош келдіңіз»

Астана, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Италияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Антонелло Де Риудан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында тараптар қазақ-итальян стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері мен болашағын талқылады. Екі елдің іскер топтары үшін қолайлы жағдай жасау және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар қатынастардың серпінді әрі тұрақты дамуын атап өтіп, алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін талқылады.

Дипломаттар биік деңгейдегі диалогты дамыту көп қырлы қазақ-итальян ынтымақтастығын кеңейтудің маңызды кезеңі болатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Италия Елшісі жылы қабылдау үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады.

Кездесу соңында Р. Василенко А. Де Риуға дипломатиялық миссиясында табыс тіледі.

Анықтама: Италия – 2024 жылғы сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі үлесі 14,1% құрайтын Қазақстанның үшінші сауда әріптесі. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 20 млрд АҚШ долларын құрады (2023 ж. салыстырғанда 24%-ға өсу). 2005 жылдан бері Италиядан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 7,6 млрд доллар құрады. Қазақстанда энергетика, жаңартылатын энергия көздері, инжиниринг және ауыл шаруашылығы салаларында 270 итальян компаниялары жұмыс істейді.