Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана, 2025 жылғы 2 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары биік деңгейде қол жеткізілген қазақ-қырғыз ынтымақтастығын дамыту жөніндегі уағдаластықтарды іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған екіжақты және көпжақты іс-шаралар кестесі бойынша «сағат теңестірді».