Қазақстан Сыртқы істер министрі Иордания Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Иордания Елшісін қабылдады

Астана, 2025 жылғы 6 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер‑министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Хамза Махмуд Юсеф Әл-Омариді қабылдады.

Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Өзара сауданы дамыту бойынша күш-жігерді жандандыруға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының қорытындылары аталып өтті.

Сондай-ақ дипломаттар халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында сұхбаттастар ағымдағы жылғы биік және жоғары деңгейде жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.