Қазақстан және Өзбекстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан және Өзбекстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана, 2025 жылғы 7 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдарды талқылады. Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты нығайтуға қолғабыс көрсетуге өзара дайындығын растады.

Сондай-ақ ағымдағы жылы аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.