Қытайдың жаңадан тағайындалған Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын бастады

Қытайдың жаңадан тағайындалған Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын бастады

Астана, 2024 жылғы 31 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин жаңадан тағайындалған Қытай Халық Республикасының Елшісі Хань Чуньлиннен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының барлық өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Сұхбаттастар 2025 жылы жоспарланған аса жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесін қарастырды. Бұған қоса көпжақты құрылымдар шеңберіндегі елдердің өзара іс-қимылына бөлек назар аударылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар қазақ-қытай ықпалдасудың өзекті мәселелері бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.