Астана, 2024 жылғы 27 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.
Астана мен Никосия арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік расталды.
Сонымен қатар 2025 жылға арналған аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.