Қазақстан және Армения СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан және Армения СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана2024 жылғы 19 желтоқсан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарыСыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сөйлесті

Сұхбат барысында министрлер екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайымен оны одан әрі дамыту перспективаларынсондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқыладыҚазақстанмен Армения арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және кеңейтуге екі жақтың дайындығы расталды

Сонымен қатар 2025 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесі қаралды