Қазақстан мен Армения СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Армения СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана, 2024 жылғы 24 тамызҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында министрлер екіжақты ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды.