Қытай компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Қытай компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Астана, 2024 жылғы 19 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Jumway Group» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ху Цзяньсюнді қабылдады.

Кездесу барысында қытай компаниясының басшысы Астанада бірлескен инвестициялық жобаларды, соның ішінде сауда-ойын-сауық кластерін, қонақ үй кешенін, демалыс орындары мен объектілерін, коммерциялық және жылжымайтын тұрғын үй кешендерін салу жоспарларымен таныстырды.

Ху Цзяньсюн компанияның басқа ірі корпорациялармен бірлесе отырып, көлемі 1 млн шаршы метрді құрайтын көпфункционалды кешен салуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

ҚР СІМ басшысы бұл жоба елорданың туристік, іскерлік және мәдени әлеуетін дамытуының жаңа кезеңі  бола алатынын мәлімдеді.