Қазақстан мен Сербия СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Сербия СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана, 2024 жылғы 26 сәуір – Серб тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Сербия Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Сыртқы істер министрі Ивица Дачичпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолдарын, сондай-ақ өткен жылдың қараша айында Қазақстан СІМ басшысының Белградқа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, оған қоса аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу мәселелерін талқылады. Министрлер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді».

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясында, оның ішінде БҰҰ желісі бойынша өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.