Астанада қазақ-нидерланд ынтымақтастығы талқыланды

Астанада қазақ-нидерланд ынтымақтастығы талқыланды

Астана, 2024 жылғы 23 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Нидерланд Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры Эрик Вестстрате бастаған нидерланд делегациясымен кездесті.

Кездесу басында Қазақстан дипломаты Нидерландтың Қазақстан аймақтарындағы су тасқынына қарсы күресте көрсеткен сараптамалық қолдауына алғыс білдірді.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелер бойынша қазақ-нидерланд ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Р.Василенко екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы белсенді диалогты құптай отырып, Қазақстан тарапы барлық деңгейдегі екіжақты байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін растады.

Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл талқыланды.