Бакуде Қазақстан-Әзербайжан консулдық консультациялары өтті

Бакуде Қазақстан-Әзербайжан консулдық консультациялары өтті

Баку, 2024 жылғы 19 сәуір – Баку қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасында екі мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен консулдық консультациялар өтті.

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Рымқанұлы Ақатаев, ал әзербайжан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық басқарманың басшысы Эмиль Фирдовси оглу Сафаров басқарды.

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы екі жақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, екі елдің азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттесу, көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелері қарастырылды.

Консультациялардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы Консулдық мәселелер бойынша консулдық консультациялардың кезекті раундының Хаттамасына қол қойды және консулдық қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде ниеттерін растады.